Подписка на рассылку новостей Информационный портал ГУ «Отдел предпринимательства города Сатпаев"
   
 
ГлавнаяНовости

Новости



Қарағанды облысы Cәтбаев қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА  27 сентября 2019 года
2019 жылы 18 қарашада   Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының әкім аппараты»  ММ әкімшілік ғимаратының үлкен   залында сағат 15-00-де, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:
  1. конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
    2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108,  (1-ші этаж, 1 кабинет) мекенжайы бойынша орналасқан «Сәтбаев қаласының жер қатынастары  бөлімі» ММ-не  2019 жылдың 28 қазан айынан 2019 жылдың 15 қарашасы сағат 17:00-ге дейін  жүзеге асырылатын болады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.  Келесі  жер  учаскелері конкурсқа  шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:


Жер 
учаскесінің

 

Жер учаскесінің сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы)

 

Алаңы,
(га)

 

Жалдық мерзім,
(жыл)

 

Жер учаскелерінің орналасуы, кадастрлік нөмірі, елдімекеннен бағыты және
қашықтығы (км)

Су
қамтамасыз ету

Ауданының шаруашылығы мамандандыру

1

2

3

4

5

6

7

2

жайылым - 1088,0 га, с.і. өзге жерлер -  3,2 га, балл бонитеті – 10.

1092,0

10

Сәтбаев қаласының жерлері, 09-112-025- от
СБ -25,6 км

қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

жайылым -99,0 га, с.і. өзге жерлер - 1,0 га , балл бонитеті – 4.

100,0

10

Сәтбаев қаласының жерлері, 09-112-025- от
С -2,5 км

қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

3

жайылым -809,9996,0 га, с.і. өзге жерлер - 1,0 га , балл бонитеті – 10

810,9996

10

Сәтбаев қаласының жерлері, 09-112-025- от
СШ -18 км
қамтамасыз етілмеген мал шаруашылығы

4

жайылым -1299,4980,0 га, с.і. өзге жерлер - 1,5 га , балл бонитеті – 5

1300,9980

10

Сәтбаев қаласының жерлері, 09-112-025- от
С -20 км
қамтамасыз етілмеген мал шаруашылығы

 Конкурстық ұсыныста: 

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев жер қатынастары бөлімі» ММ-де  білуге болады.Телефондар: 8 (71063) 34006, 38469 (факс), электрондық мекенжайы: ozo.satpaev.kz.


  << Вернуться к новостям



27-09-2019
Қарағанды облысы Cәтбаев қаласында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ( жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
2019 жылы 18 қарашада   Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, ак.Қ.Сәтбаев  даңғылы 108, мекенжайы бойынша орналасқан, «Сәтбаев қаласының әкім аппараты»  ММ әкімшілік ғимаратының үлкен   залында сағат 15-00-де, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
22.10.2019
22.10.2019
   

  

  

 

 
Сатпаев-3
Астана-2
Караганда-4
Доллар США389.75
 
Евро434.26
 
Российский рубль6.12
 


Қазан, 2019
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 


 
Ваша оценка оперативности обновления сайта?
Архив голосований